"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша  білім бөлімі Қоғам ауылының Шәймерден Қосшығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Шаймердена Косшыгулова села Когам отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Адалдық" дүкені

Мектебімізде  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасының негізінде "Адалдық дүкені" ашылды. Адалдық дүкенінің салтанатты ашылуына Макин ауылдық округінің әкімінің м.а. Езов Д.В., ауыл ақсақалы Жайкенов Е.Б., жеке кәсіпкер Ахметова Жамал апай қатысты. Ашылу лентасын қию рәсімі Макин ауылдық округінің әкімінің м.а. Д.В Езовқа берілді. «Адалдық дүкені» арқылы оқушыларымыз өздерін жақсы, адал адам ретінде тануға мүмкіндік алады. «Адалдық дүкенінде» мұғалімдер мен оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысатыны туралы ақпараттандырылды. Яғни, сатушысы жоқ дүкенде затты сатып алушылар өздеріне адалдық принципі бойынша қызмет көрсететіндігі айтылды. Ашылу салтанатынан кейін дүкен өз жұмысын бастап кетті. Оқушылардың қуанышында шек болмады.

Жаңартылған күні: 03.12.2019 12:01
Құрылған күні: 03.12.2019 12:01

Текст