Текст
Шәймерден Қосшығұлов атындағы Қоғам орта мектебінде 15 ақпан - Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына байланысты "Ауғанстан- жүректегі жара" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Өткізген іс- шараның мақсаты- Ауған соғысының тарихи-мағыналық ақиқатын ашу; Жастарды Отан сүйгіштікке, ерлікке баулу; Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету болып табылады. Тәрбие сағаты аясында оқушыларға видео презентациялар, бейне фильмдер көрсетілді. АӘТД пәні мұғалімі Абжанов Н.Д. "Автоматты жартылай шашып- жинау" , От жадты жинау жаттығуларынан үзінді көрсетті және 17 жастағы жасөспірімдерге әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктерің табыстады.