Текст
Мектебімізде 2021 жылы 25 мамыр күні сағат 10.00-де «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты 9,11 сынып түлектеріне арналған салтанатты саптық жинын өтті. Саптық жиын мектеп ауласында санитарлық –эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отыра ұйымдастырылды. Жиынға 9,11 сынып түлектері, мекептің ұстаздар ұжымы, әр түлектің бір-бір ата-анасы қатысты. Салтанатты саптық жиынның өткізілу ұзақтығы 35 минутты құрады. Жиын аяталған соң түлектер «Арман шарларын» ұшырып, мектеп ауласында ағаш көшеттерін отырғызды.