12 наурыз күні Шәймерден Қосшығұлов атындағы Қоғам орта мектебінде аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Алаш қайраткері, Патшалық Ресейдiң I және II Дума депутаты болған Шәймерден Қосшығұловтың 145 жылдығына орай еске алу және қазақ халқының дәстүрлі асық ойынын өтуізу арқылы балалар мен жасөспірімдер арасында қызығушылықты ояту, ептілікке, жеңіске деген құштарлыққа әділдікке баулу арқылы отансүйгіштік сезімдерін арттыру және ұлттық спортты насихаттау мақсатында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы аясында және Шәймерден Қосшығұловтың 145 жылдығына орай мектеп оқушылары арасындағы «Алтын сақа» аудандық сайысы өтті. Қонаққа Шәймерден бабамыздың ұрпақтары, Макин ауылдық округінің әкімі Шарипов Ә.Р. шақырылды. Ауданның 11 мектеп командалары қатысты.Сайысты жоспарланған бағдарламаға сайұйымдастырып, жүргізген аудандық білім бөлімінің әдіскері Абуов Р.Ғ. және Қоғам ОМ –нің дене шынықтыру пәні мұғалімі Құсайынов М.З.. Сайыс соңында әділ төрешілердің шешімімен жеңімпаз командалар анықталып, жүлделі І орын иеленген Ш. Әлжанов атындағы Сәуле орта мектебінің командасы – ауыспалы кубок, медаль жәнемадақтамамен, ІІ орынды Қызықұйым орта мектебі командасы иеленіп, медаль және мадақтамамен, жүлделі ІІІ орынға Макин орта мектебі командасы ие болып, медаль және мадақтаммен марапатталды. «Сұрмерген» номинациясы бойынша Қоғам орта мектебінің оқушысы Шәріп Төрежанның иығына ұлттық шапан жабылды. «Алтын сақа» аудандық сайысты ұйымдастырып өткізуге, жеңімпаздарды марапаттауға, қонақ асын жаюға көрнекті алаш қайраткері, діндар Шәймерден бабамызұрпағы демеушілік көрестті. Алаш қозғалысына өзіндік үлес қосқан, сталинизм жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған қазақтың дін-ислам қызметшілерін еске алып, олардың рухтарына тағзым етуді тәуелсіз еліміздің азаматтарының парызы, ал Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасындағы «Ұлттық салт-дәстүрімізді, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралығыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген ұлағатты сөздерін алға тарта отырып, жеткіншек ұрпаққа ұлттық ойындардың мәнін, мақсатын теориялық және іс жүзінде ұғындырып, кеңінен тарату біздің мақсатымыз деп білейік.