Текст
Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында Наурыз мейрамы "Ұлыстың ұлы күніне " арналған асық ату жарысында мектебіміз жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жүлделі ІІІ орынды мектебіміздің 10 сынып оқушылары Амангелді Нұрсұлтан, Камидуллинов жансұлтан иеленді. Ал сұр мерген орынын Амангелді Нұрсұлтан жеңіп алды. Оқушыларымызды құттықтаймыз! Жетекшісі М.З. Кусаинов.