Текст
Мектебімізде 1 Желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымына 4 сынып оқушылары салтанатты түрде қабылданды. «Жас ұлан» ұйымына қабылданушылар Отанымыз - Қазақстан Республикасының патриоты болуға, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,дәріптеуге, Туған еліміз,жеріміз,Отанымызды мақтаныш етуге ант берді. Салтанатты жиын соңы «Шаңырақ» қауымдастығы «Бірлік» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Елін сүйген елбасы» атты концерттік бағдарлама ұласты. Мектеп оқушылары туған жері, қазақ елі, Отаны, Елбасы туралы әндер шырқап, би биледі.