Код сағатының міндеті – қатысушыларды қарапайым және қызықты тәсіл арқылы бағдарламалау мүмкіндіктерімен таныстыру, олардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын қалыптастыру. Қоғам орта мектебінде 3-11 сынып оқушылары 2019 жылдың 9-15 желтоқсан аралығында «Код сағаты – 2019» жаһандық бағдарламалау акциясына белсене қатысып, акцияға өз үлестерін қосты. Барлық қатысушылар саны – 80 оқушы, оның ішінде 10 оқушы Scratch бағдарламасы бойынша акцияға оффлайн режимінде қатысты. Акция барысында оқушылар Классикалық лабиринт ойын ортасында берілген 20 тапсырманы қызығушылықпен орындап, сертификаттарға ие болды. Осы акция туралы оқушылардың бағдарламалауға деген қызығушылықтары оянып, болашақта осы саладағы мамандықтарға таңдауға септігін тигізді деген қорытынды ой жасадық.