"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша  білім бөлімі Қоғам ауылының Шәймерден Қосшығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Шаймердена Косшыгулова села Когам отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Қауіпсіз жаз-2024” тақырыбында оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен мектепішілік жиналысы өткізілді

29.05.2024
2024 жылдың 23 мамыр күні “Қауіпсіз жаз-2024” тақырыбында оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен мектепішілік жиналысы өткізілді. Жиналыста тәрбие ісі меңгерушісі А.Ж.Туржанова оқушылар мен ата-аналарға жаз мезгілінде бала өмірінің қауіпсіздігін сақтау үшін жол қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі,судағы, табиғаттағы қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулықтар беріп, «Суға түсу кезіндегі қауіпсіздік туралы не білу керек»,»Өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары», «Қауіпсіз жол бағдары» тақырыптарында жадынамалар таратты. Сонымен қатар, 14 жасқа толмаған балаларға автомагистральдарда және оларға теңестірілген жолдарда велосипедті, ал 16 жасқа толмаған балаларға Скутер (мопед, квадроцикл) басқаруға тыйым салынатындығы ескертілді.Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша мектеп жанындағы және қала сыртындағы “Жазғы лагерь” жайлы айтып, мектеп жанындағы жазғы лагерь жоспарымен таныстырды. Мектептің педагог-психологы Нуралина Ф.А. ата-аналарды
«Қауіп-қатер жөнінде балалардың естеріне салу ата-аналардың міндеті» тақырыбында презентация, бейнероликтер көрсетті.
 
Просмотров: 1225


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст